Зариф: АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан артық келісімге жетпейді
Иран Сыртқы істер министрі Иран мен басқа алты елдің «"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы» деп аталған келісімнің әрбір сөзіне қатысты келіссөз жүргізгеніне тоқталып: "АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан артық келісімге жетпейді",- деп қуаттады.
Мұхаммад Джавад Зариф ВВС-ге берген сұхбатында Британия үкіметінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы ұстанымына қатысты Тереза Мэйдің бұл келісімді қолдайтындығына сілтеме жасап: "Еуропалықтар "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін ең жақсы міндеттемелерді алған болар, бірақ Еуропа саяси міндеттемелерді іс жүзіндегі механизмдерге айналдыруы керек. Теһран еуропалықтар өз міндеттемелерін іске асыруы үшін біраз күтеді. Бірақ, бұл Иранның сабырының шексіз екенін білдірмейді",- деді.