Путин АҚШ-тың Иранға қарсы саясаттарын сынады
Ресей Президенті АҚШ-тың Иранға қарсы саясаттары мен әрекеттерінің әлемдік экономикаға зиян келтіретінін айтты.
Ресей Президенті Владимир Путин сәрсенбі күні «Ресейдің энергетикалық аптасы» атты халықаралық форумда сөйлеген сөзінде: «АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттері әлемнің экономикасына әсерін тигізеді. Ресейдің ОПЕК-пен ынтымақтастығының мақсаты мұнай өндірісін азайтып, оны төмен деңгейде ұстап, нарықта теңгерім тудыру болды»,- деді.
«Ресейдің энергетикалық аптасы» атты халықаралық форумға әлемнің 70 мемлекетінен алты мыңнан астам қонақ қатысып отыр.
Ресей Президенті сондай-ақ: «Вашингтон Сирияда орналасуы үшін Дамасктен немесе БҰҰ-нан рұқсат алуы керек. АҚШ-тың басқа жолы жоқ»,- деді.
Айта кететін жайт, екі мыңға жуық америкалық әскери ДАИШ-пен қарсыласуды сылтауратып, Сирия үкіметінің рұқсатынсыз сол елде жүр. Бірақ, көптеген мәліметтер бұл күштердің Сирия жүйесіне қарсы әрі басқа лаңкестік топтарды қолдайтынын көрсетеді.