Йеменге жасалған шабуылдарда америкалық бомбалар қолданылды
(last modified Thu, 07 Apr 2016 17:20:46 GMT )
Сәу 07, 2016 23:20 Asia/Almaty
  • Йеменге жасалған шабуылдарда америкалық бомбалар қолданылды

Адам құқығын бақылаушы ұйым Йеменге жасалған әуе шабуылдарында америкалық бомбалардың қолданылғанын мәлімдеді.

Жас тілшілер клубының мәлімдеуі бойынша, The New York Times газеті Адам құқығын бақылау ұйымының сәрсенбі күнгі мәліметіне сілтеме жасап: «Сауд Арабиясы жетекшілігіндегі әскери коалиция өткен айда Йемендегі базарлардың біріне жасаған шабуылында Америкада жасалған бомбаларды пайдаланды. Осы шабуылда кемінде 97 бейбіт азамат, соның ішінде 25 бала қаза тапты» деп жазды.

Адам құқығын бақылаушы ұйым өз есебінде осы ұйымның зерттеуші мамандары 28-ші наурызда бомбаланған Йемен базарын аралау кезінде 900 килограмдық «MK- 84» бомбасының бөлшектерін тапты. Осы топ сондай- ақ Ұлыбританияның «ITV» телеарнасының тілшілері тапқан өзге бомба бөлшектерінің бейнелеріне шолу жасап, екінші бомба да «MK- 84» болды деген қорытынды жасады. Зерттеуші топ бомба өлшемінің жарылыс орнындағы суреттерге шолу жасаған соң анықталғанын мәлімдеді.