АҚШ Үндістанға санкциямен қоқан-лоққы жасады
https://itolqyn.com/news/world-i39262-АҚШ_Үндістанға_санкциямен_қоқан_лоққы_жасады
АҚШ Ресейден С-400 зымырандық кешенін сатып алғаны үшін Үндістанға санкция салатынын айтып, қоқан-лоққы жасады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 04, 2018 19:37 Asia/Almaty
  • АҚШ Үндістанға санкциямен қоқан-лоққы жасады

АҚШ Ресейден С-400 зымырандық кешенін сатып алғаны үшін Үндістанға санкция салатынын айтып, қоқан-лоққы жасады.

NDTV арнасының хабарлауы бойынша, аты аталмаған АҚШ Мемлекеттік департаментінің бір баспасөз өкілі сәрсенбі күні Үндістан мен Ресей арасындағы әуе шабуылына қарсы С-400 зымырандық кешенін сатып алу туралы мәмілесінің Вашингтонның Нью-Делиге қарсы санкциялар жариялауына соқтыратынын мәлімдеді.

Бұл америкалық шенеунік сондай-ақ Вашингтонның барлық одақтастары мен серіктестерін Ресеймен мәміле жасаудан бас тартуға шақыратынын, себебі мұндай мәмілелердің "CAATSA" заңын қамтитынын айтты.

"CAATSA" немесе "АҚШ-тың дұшпандарымен санкция арқылы күресу туралы" заңы 2017 жылы Ресей, Иран жәнек Солтүстік Корея секілді мемлекеттерге қарсы экономикалық санкция жариялау мақсатында бекітілген болатын.