Ресей: АҚШ-тың әлемнің жер-жерінде 30-дан астам биологиялық зертханасы бар
Ресей Қорғаныс министрлігі АҚШ-тың әлемнің жер-жерінде 30-дан астам билогиялық зертханасының бар екенін, Ресей мен ҚХР-на жақын маңдағы осындай зертханаларының санын арттырып жатқанын мәлімдеді.
Sputnik ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей Қорғаныс министрлігі бейсенбі күні мәлімдеме жариялап: "АҚШ тұрақты түрде өзінің биологиялық әлеуеттерін арттырып, оларды жетілдіріп, ТМД елдерімен қоса бүкіл әлем бойынша микроорганизм үлгілерінің ұлттық жиынтығын бақылап отыр",- деді.
Ресей үкіметінің жуырда жарияланған бағалау жұмыстарына сәйкес, АҚШ Әскері кейбір биологиялық сынақтарын Грузияда өткізіп жатыр.
Ресей Қорғаныс министрлігінің қызметкері Егор Кириллов: "АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) Украина, Әзірбайжан Республикасы мен Өзбекстанда орналасқан зертханаларын қайта құру жұмыстарын жалғастырып жатыр",- деп мәлімдеді.