Ресей: АҚШ-тың әлемнің жер-жерінде 30-дан астам биологиялық зертханасы бар
https://itolqyn.com/news/world-i39266-Ресей_АҚШ_тың_әлемнің_жер_жерінде_30_дан_астам_биологиялық_зертханасы_бар
Ресей Қорғаныс министрлігі АҚШ-тың әлемнің жер-жерінде 30-дан астам билогиялық зертханасының бар екенін, Ресей мен ҚХР-на жақын маңдағы осындай зертханаларының санын арттырып жатқанын мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 05, 2018 19:56 Asia/Almaty
  • Ресей: АҚШ-тың әлемнің жер-жерінде 30-дан астам биологиялық зертханасы бар

Ресей Қорғаныс министрлігі АҚШ-тың әлемнің жер-жерінде 30-дан астам билогиялық зертханасының бар екенін, Ресей мен ҚХР-на жақын маңдағы осындай зертханаларының санын арттырып жатқанын мәлімдеді.

Sputnik ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей Қорғаныс министрлігі бейсенбі күні мәлімдеме жариялап: "АҚШ тұрақты түрде өзінің биологиялық әлеуеттерін арттырып, оларды жетілдіріп, ТМД елдерімен қоса бүкіл әлем бойынша микроорганизм үлгілерінің ұлттық жиынтығын бақылап отыр",- деді.

Ресей үкіметінің жуырда жарияланған бағалау жұмыстарына сәйкес, АҚШ Әскері кейбір биологиялық сынақтарын Грузияда өткізіп жатыр.

Ресей Қорғаныс министрлігінің қызметкері Егор Кириллов: "АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) Украина, Әзірбайжан Республикасы мен Өзбекстанда орналасқан зертханаларын қайта құру жұмыстарын жалғастырып жатыр",- деп мәлімдеді.