Еуропалық компаниялар доллардан бас тартуға мүдделі
Ресей Қаржы министрі еуропалық компаниялардың Ресеймен жасайтын мәмілелерінде долларды алып тастау жолдарын қарастырып жатқандарын хабарлады.
Ресей Қаржы министрі Антон Силуанов жұма күні Россия 24 арнасы арқылы Мәскеу мен еуропалық компаниялардың өзара мәмілелерінен долларды алып тастау жөнінде әріптестік жасайтындықтарын мәлімдеді.
Силуанов еуропалық банктер мен қаржы институттарының мұнай мен мұнай өнімдері саудасы үшін пайдаланатын SWIFT төлем жүйесінің еуроға негізделген баламалы жүйесін құру жайлы есептеріне тоқталып, Ресейдің АҚШ-тың бекіткен шектеулеріне жауап ретінде кез келген шараға қосылуға әзірлігін айтты.
Ресей Қаржы министрі мұның алдында да АҚШ долларының халықаралық саудадағы төлемдерді жүзеге асыру үшін сенімді құрал еместігін айтқан болатын.