Сауд Арабиясының тақ мұрагері Трамптың қорлау сөзіне жауап қайтарды
https://itolqyn.com/news/world-i39279
Сауд Арабиясының тақ мұрагері жұма күні америкалық Bloomberg ақпарат агенттігіне берген сұхбатында АҚШ президенті Дональд Трамптың бірнеше күн бұрын саудиялық басшыларға айтқан қорлау сөзіне мақтау арқылы жауап берді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 06, 2018 17:39 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының тақ мұрагері Трамптың қорлау сөзіне жауап қайтарды

Сауд Арабиясының тақ мұрагері жұма күні америкалық Bloomberg ақпарат агенттігіне берген сұхбатында АҚШ президенті Дональд Трамптың бірнеше күн бұрын саудиялық басшыларға айтқан қорлау сөзіне мақтау арқылы жауап берді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад бин Салман өзінің АҚШ президентімен жұмыс істегенді жақсы көретінін айтқан.

Трамп сейсенбі күні кешке Миссисипи штатында өткен сайлауалды сөзінде саудиялық басшыларға тіл тигізіп: "Сауд Арабиясының корольдік билік жүйесі АҚШ-тың қолдауынсыз екі аптаның ішінде құлдырайды. Сауд Арабиясы оны қорғап жатқан америкалық сарбаздардың шығынын төлеуі тиіс",- деп мәлімдеді.

Сауд Арабиясының тақ мұрагері сондай-ақ, өз елінің мұнай өндіру көлемін арттыру арқылы АҚШ президентінің Иранның мұнай экспортын азайту немесе нөлдік деңгейге қысқарту туралы өтінішін жүзеге асырғанын айтты.