Иран мен Әзірбайжан кедендік әріптестіктерді кеңейту қажеттігін қуаттады
Иранның солтүстік-батысындағы Ардебиль облысында орналасқан Биле Савар елді мекенінің басшысы мен Әзірбайжан республикасы Биле Савар кеденінің басшысы екіжақты әріптестікті арттыру және кедендік жұмыстарды жеңілдету қажеттігін қуаттады.
Хасан Ғобади сенбі күні Ардебильде Джейхун Ибрагимовпен кездесуінде екі елдің әріптестігін дамытудағы кеденнің рөліне тоқталып: "Кеден – Иран мен Әзірбайжан республикасын байланыстыратын күре тамыр және сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға берілген мүмкіндік",-деді.
Джейхун Ибрагимов та осы кездесуде Иран мен Әзірбайжан республикасы арасында әріптестікті арттырып, кедендік жұмыстарды жеңілдету қажеттігін қуаттады.
ИИР мен Әзірбайжан республикасы арасында Шахтахти-Полдашт, Джульфа, Биле Савар және Астарадан тұратын төрт шекаралық өткел бар. Бұл кедендер екі елдің экономикасы мен туризмін дамытуда маңызды рөл атқарады. Екі елдің ортақ шекарасы шамамен 760 шақырымды құрайды.