Қаз 07, 2018 15:12 Asia/Almaty
  • Харрази: Еуропаның болашағы АҚШ-қа тәуелділіктен арылуына байланысты

Иранның Сыртқы қатынас стратегиялық кеңесінің басшысы: «АҚШ Президенті Дональд Трамптың саясаттары басқа елдердің тәуелсіз саясат ұстанып, америкалықтардан өз жолын бөліп алуға себеп болды»,-деді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Камал Харрази сенбі күні Теһранда Аустрияның Еуропадағы қауіпсіздікті зерттеу  институтының басшысы Вернер Фасслабендпен кездесіп: «Еуропа өз болашағы АҚШ-қа тәуелділіктен арылуға байланысты деген нәтижеге жетті.  Бұл бағытты Қытай да ұстанып отыр»,-деді.

Вернер Фасслабенд та Трамптың Еуропаның позициясын әлсіретіп жібергенін айтып: «АҚШ-қа тәуелсіз қорғаныс және қауіпсіздік  саясатын дамыту мен еуроны нығайту Еуроодақ үшін АҚШ-тың қатынасы алдындағы маңызды мәселелер болып табылады»,-деді. 

 

Тегтер