Иранға санкция салудағы АҚШ-тың алдындағы түйткілдерді сараптау
(last modified Sun, 07 Oct 2018 12:01:14 GMT )
Қаз 07, 2018 18:01 Asia/Almaty
  • Иранға санкция салудағы АҚШ-тың алдындағы түйткілдерді сараптау

АҚШ үкіметі «Ортақ қадам» жан жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін Иранға қысым жасау үшін жан-жақты кампанияны бастап, басқа елдерді Иран халқына қарсы біржақты санкцияларды қолдауға шақыруға талпыныс жасады. Алайда АҚШ-тың осы әрекеттері қаншалықты сәтті болды?

АҚШ Президенті Дональд Трамп 2018 жылдың мамыр айының сегізі күні біржақты негізде АҚШ-тың ядролық келісімдегі міндеттемелерін бұзып, елін келісімнен шығарды. АҚШ-тың Қаржы министрлігі де осы келісімнің арқасында жойылған ядролық санкциялардың 90 және 180 күннің ішінде қайта күшіне енетінін жариялады. Трамп шілденің алтысы күні ресми түрде Иранға қарсы алғашқы санкциялар жиынтығын іске қосуға бұйрық берді. Мұнайға қарсы санкциялар ағымдағы жылдың қараша айынан бастап қайта күшіне енеді деп жоспарлануда. Алайда, Трамптың бұл шешімі әлем бойынша көптеген қарсылыққа ұшырады. Сионистік режим мен кейбір араб елдерінен басқа бүкіл әлемдік қауымдастық оған қарсылық білдірді.

Францияның Қаржы министрі Бруно Ле Мьер жұма күні Словакияда өткен бір жиналыста: «Вашингтон біздің орнымызға  Иранмен сауда жасауға болатын-болмайтынымыз туралы шешім қабылдай алмайды»,-деді.

Аустрияның Еуропадағы қауіпсіздікті зерттеу  институтының басшысы Вернер Фасслабенд сенбі күні Теһранда Иранның Сыртқы қатынас стратегиялық кеңесінің басшысы Камал Харразимен кездесіп, АҚШ-тың Еуропаның позициясын әлсіреткенін айтып: «АҚШ-тан тәуелсіз қорғаныс және қауіпсіздік  саясатын дамытып, еуроны нығайту Еуроодақ үшін АҚШ-тың қатынасы алдындағы маңызды мәселелер болып табылады»,-деді.

Бұл пікірлер Еуропаның өз болашағының АҚШ-қа тәуелділіктен арылуға байланысты деген нәтижеге жеткенін көрсетеді. Бұл бағытты Қытай да ұстанып отыр.

Америкалық тілші, сарапшы Дэвид Игнатиус Дональд Трамптың Иранға қарсы стратегиясының теріс салдарлары жайлы ескертіп: «Әлемнің барлық елдері Дональд Трамп стратегиясының бір келісімге келу үшін алдымен зорлық көрсетіп, артынан қысым жасау екенін біледі. Трамптың бағдарламасы мен жоспары – Иранның экономикасын осы елден көмек дауысы шыққанға дейін тұншықтыру, содан соң ядролық және аймақтық мәселелер жөнінде жақсырақ әрі көлемдірек келісім туралы келіссөз өткізу. Бұл келісімді Трамп маңызды жетістік деп айта алуы керек»,-деп жазды.

Трамп өз мақсаттарына жету, соның ішінде Иранды мұнай экспорттауда түйткілге ұшырату үшін тіпті Сауд Арабиясын нарыққа мұнайды көбірек шығаруға көндіруге талпыныс жасады. Алайда, осы әрекеттерге қарамастан мұнайдың әр баррелінің бағасы соңғы бірнеше күнде 90 доллардан асты. Трамп мұнай бағасының өсуіне қатысты реакциясында саудиялықтарды жазғырып: «Сауд Арабиясының королі Малек Салманмен телефон арқылы сұхбатта Вашингтонның эр-Риядты әскери қолдауы  тоқтатылса, олардың екі апта да өмір сүре алмайтынын айттым»,-деді.

Осы үдерістер мен реакциялардың жиынтығынан АҚШ өзін шынайы жағдайды қабылдауға дайындауы керек деген нәтиже шығаруға болады.