Америкалық сенаторлар саудиялық сыншының өліміне қатысты ұстанымдарын білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i39320
Америкалық сенатор Линдси Грэм дүйсенбі күні Твиттердегі парақшасында Боб Коркер және Вен Кардинмен Сауд Арабиясының журналисі Джамал Хашоғджидің тағдыры мен оған көрсетілген қатынасқа алаңдаушылық білдіргендері туралы жазды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 09, 2018 14:52 Asia/Almaty
  • Америкалық сенаторлар саудиялық сыншының өліміне қатысты ұстанымдарын білдірді

Америкалық сенатор Линдси Грэм дүйсенбі күні Твиттердегі парақшасында Боб Коркер және Вен Кардинмен Сауд Арабиясының журналисі Джамал Хашоғджидің тағдыры мен оған көрсетілген қатынасқа алаңдаушылық білдіргендері туралы жазды.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Линди Грэм: «Егер Сауд үкіметінің Хашоғджиге қатысты әрекеттері туралы айтқандары рас болса, АҚШ пен Сауд Арабиясының қарым-қатынасына теріс әсерін тигізеді»,- деп  баса айтты.

АҚШ Сенатының сыртқы қарым-қатынас комитетінің мүшесі Крис Морфи жексенбі күні бұл туралы: «Егер арабстандықтардың Джамал Хашоғджиді Түркиядағы консулдықтарында өлтіргені туралы хабар дұрыс болса, Сауд Арабиясымен қарым-қатынасты толығымен тоқтату керек»,- деді.

АҚШ Президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні Хашоғджидің өліміне қатысты ұстаным білдіре алмайтынын мәлімдеді.