Берлин Ресейден Германияға инвестицияны арттыруды сұрады
(last modified Tue, 09 Oct 2018 09:31:53 GMT )
Қаз 09, 2018 15:31 Asia/Almaty
  • Берлин Ресейден Германияға инвестицияны арттыруды сұрады

Германияның Экономика және энергетика министрі Ресейден Германия экономикасына инвестицияны арттыруды сұрады.

Германияның Экономика және энергетика министрі Питер Альтмайер дүйсенбі күні Мәскеуде Германия-Ресей форумы аясында: "Берлин Ресейдің Германияға инвестиция салуын арттыруына мүдделі. Берлин Мәскеудің Германиядағы орта және шағын сауда белсенділіктеріне көбірек көңіл бөлуін қалайды",-деді.

Германияның Экономика және энергетика министрінің Ресеймен экономикалық байланыстарды дамыту туралы сөздері АҚШ Президенті Дональд Трамптың Германия үкіметін Ресейдің газына шектен тыс тәуелді деп айыптаған жағдайда айтылды.

Германия канцлері Ангела Меркель де Дональд Трамптың Мәскеуге бағыныштылығы туралы айыптауын теріске шығарып: "Германия  өзінің сыртқы саясаттағы мүдделеріне орай тәуелсіз позиция ұстанады",-деп қуаттады.