Вашингтон: Хашоғджидің тағдыры туралы әлі пікір айтпаймыз
https://itolqyn.com/news/world-i39339-Вашингтон_Хашоғджидің_тағдыры_туралы_әлі_пікір_айтпаймыз
АҚШ Мемлекеттік департаменітінің баспасөз хатшысы саудиялық режимді сынаған тілшінінің өліміне қатысты Вашингтонның әлі пікір айтпайтынын мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 10, 2018 16:14 Asia/Almaty
  • Вашингтон: Хашоғджидің тағдыры туралы әлі пікір айтпаймыз

АҚШ Мемлекеттік департаменітінің баспасөз хатшысы саудиялық режимді сынаған тілшінінің өліміне қатысты Вашингтонның әлі пікір айтпайтынын мәлімдеді.

«Фарс» хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Хизер Нойерт сәрсенбі күніде: «Вашингтон Риядтан арабстандық тілші Джамал Хашоғджидің жоғалып кетуі туралы толық зерттеу жұмыстарын жүргізуді сұрады»,- деді. Нойерт АҚШ-тың Хашоғджи туралы мәліметке ие еместігіне тоқталып: «Вашингтон оған не  болғаны туралы ешқандай болжам айта алмайды»,- деді.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы сондай-ақ, АҚШ Президенті Дональд Трамптың Сауд Арабиясымен телефон арқылы байланыс орнататынын хабарлады.

АҚШ сенаторы Крис Морфи Ақ үй мен Сауд режимінің өте жақын қарым-қатынасына сілтеме жасап: «Егер арабстандықтардың Джамал Хашоғджидің  өліміне қатыстылығы  туралы хабар дұрыс болса, Сауд Арабиясымен қарым-қатынасты толығымен тоқтату керек»,- деді.