Ресей Иранның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына толық мүшелігін қолдады
https://itolqyn.com/news/world-i3934
Ресей Иран Ислам Республикасының Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына толық мүшелігін қолдады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 08, 2016 19:56 Asia/Almaty
  • Ресей Иранның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына толық мүшелігін қолдады

Ресей Иран Ислам Республикасының Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына толық мүшелігін қолдады.

ИРНА- ның хабарлауынша, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бейсенбі күні Иран, Ресей және Әзірбайжан республикасы Сыртқы істер министрлерінің Бакудегі үш жақты отырысы аясында Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен кездесуінде Ресейдің Иранның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына толық мүшелігін қолдайтынын қуаттап: «Ресей президенті Иранға қарсы банк істеріндегі санкцияларды алып тастауға жарлық шығарды. Мәскеу Бандар-Аббас стансасын қаржылай қамтамасыз етуге және Инче Борун-Гармсар темір жолын электірлендіруге дайын» деді.

Иран Сыртқы істер министрі де Иран мен Ресей арасындағы банктік және консулдық ынтымақтастықтарды кеңейту қажеттігін баса айтып: «Экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейту, тарифтерді қысқарту және кедендік ережелерді жеңілдету саласында ілгерілеушіліктерге қол жеткізілді. Екі елдің кедендік жасыл дәлізді күшіне енгізу жөніндегі келісімі де маңызға ие» деді.