Иран мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы сауда айналымының көлемі артты
https://itolqyn.com/news/world-i39360-Иран_мен_Әзірбайжан_Республикасы_арасындағы_сауда_айналымының_көлемі_артты
Иранның Әзірбайжандағы елшілігінің сауда атташесі өткен алты айдың ішінде екі ел арасындағы сауда айналымы көлемінің артқанын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 11, 2018 19:07 Asia/Almaty
  • Иран мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы сауда айналымының көлемі артты

Иранның Әзірбайжандағы елшілігінің сауда атташесі өткен алты айдың ішінде екі ел арасындағы сауда айналымы көлемінің артқанын хабарлады.

Иранның Әзірбайжандағы елшілігінің сауда атташесі Мұхаммад Ибраһим Нақизаде өткен алты айдың ішінде Ираннан Әзірбайжанға 170 миллион доллардан астам көлемінде тауар экспортталғаны, Әзірбайжаннан Иранға импортталған тауар көлемінің 30 миллион долларға жеткенін хабарлады.

ИИР мен Әзірбайжан Республикасы арасында Польдашт, Джольфа, Биле-Савар және Астара атты төрт шекара бекеті бар. Шекаралық кеден бекеттері екі елдің экономика және туризм саласындағы дамуы мен өркендеуінде маңызды рөл атқарады.