Трамп Сауд Арабиясын тағы қорлады
АҚШ Президенті бейсенбі күні Fox News ақпарат арнасының Fox & Friends газетіне берген сұхбатында: "Ұзақ жылдар бойы АҚШ Сауд Арабиясының қасынан табылмағанда бұл ел қазір болмаған еді, өйткені америкалықтар саудиялықтарды қорғап қалды",-деп баса айтты.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дональд Трамп Сауд Арабиясының королі Малек Салманға АҚШ-тың оның елін қорғап келе жатқаны үшін эр-Риядтың Вашингтонға ақша беруі қажеттігін айтқанын мәлімдеді.
АҚШ Президенті бейсенбі күні осы елдің Миннесота штатында сөйлеген сөзінде Сауд Арабиясын қорғап жүрген америкалық сарбаздардың қаражатын төлеуі тиістігін қуаттады.
Трамп 2 қазанда АҚШ-тың Миссисипи штатында саудиялық басшыларды қорлап: "Сауд Арабиясының корольдік жүйесі АҚШ-тың қолдауынсыз екі аптаның ішінде құрдымға кетеді",-деген болатын.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Трам саудиялықтарды осылай қорлағаннан кейін Twitter-дегі парақшасында: "Қорлыққа ұшырау – өз қауіпсіздігін бөгделерге тапсырудың салдары",-деп жазды.