АҚШ-тың Флорида штатында болған "Майкл" алапат дауылынан 6 адам қаза тапты
https://itolqyn.com/news/world-i39369-АҚШ_тың_Флорида_штатында_болған_Майкл_алапат_дауылынан_6_адам_қаза_тапты
Ақпарат құралдарының бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, АҚШ-тың оңтүстік-шығысында орналасқан Флорида штатында орын алған "Майкл" алапат дауылынан осы күнге дейін 6 адам қаза тапқан.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 12, 2018 17:43 Asia/Almaty

Ақпарат құралдарының бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, АҚШ-тың оңтүстік-шығысында орналасқан Флорида штатында орын алған "Майкл" алапат дауылынан осы күнге дейін 6 адам қаза тапқан.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл дауыл, сондай-ақ, Флорида штатында 950 мыңға жуық үйдің электр қуатынсыз қалуына себеп болған.

"Майкл" алапат дауылы сағатына 250 км жылдамдықтағы желмен Алабама, Джорджия, Оңтүстік Каролина штаттарын да басып өтті.  

АҚШ Президенті Дональд Трамп бүкіл Флорида штатында төтенше жағдай жариялады.