ҚХР мен Қазақстан премьер-министрлері екіжақты байланысты кеңейту қажеттігін қуаттады
https://itolqyn.com/news/world-i39378-ҚХР_мен_Қазақстан_премьер_министрлері_екіжақты_байланысты_кеңейту_қажеттігін_қуаттады
ҚХР мен ҚР премьер-министрлері әртүрлі салалар бойынша, әсіресе сауда-экономикалық саладағы екіжақты байланысты кеңейту қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 13, 2018 15:26 Asia/Almaty
  • ҚХР мен Қазақстан премьер-министрлері екіжақты байланысты кеңейту қажеттігін қуаттады

ҚХР мен ҚР премьер-министрлері әртүрлі салалар бойынша, әсіресе сауда-экономикалық саладағы екіжақты байланысты кеңейту қажеттігін қуаттады.

ҚХР-ның CCTV арнасының хабарлауы бойынша, ҚХР премьер-министрі Ли Кэцян жұма күні Тәжікстан астанасы Душанбеде Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевпен кездесуінде екі елдің өзара қарым-қатынастарды кеңейту үшін жаңа негіздерді анықтау қажеттігін қуаттады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының 17-ші отырысына қатысу үшін Душанбеге сапармен келген ҚХР премьер-министрі Қытай мен Қазақстанның бір-бірінің тұрақтылығы мен дамуын өзінің дамуы үшін жақсы мүмкіндік деп есептейтінін мәлімдеді.

Қазақстан премьер-министрі елінің ҚХР-мен ынтымақтастықтарын кеңейтуге әзірлігін баса айтты.