ҚХР мен Қазақстан премьер-министрлері екіжақты байланысты кеңейту қажеттігін қуаттады
ҚХР мен ҚР премьер-министрлері әртүрлі салалар бойынша, әсіресе сауда-экономикалық саладағы екіжақты байланысты кеңейту қажеттігін қуаттады.
ҚХР-ның CCTV арнасының хабарлауы бойынша, ҚХР премьер-министрі Ли Кэцян жұма күні Тәжікстан астанасы Душанбеде Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевпен кездесуінде екі елдің өзара қарым-қатынастарды кеңейту үшін жаңа негіздерді анықтау қажеттігін қуаттады.
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының 17-ші отырысына қатысу үшін Душанбеге сапармен келген ҚХР премьер-министрі Қытай мен Қазақстанның бір-бірінің тұрақтылығы мен дамуын өзінің дамуы үшін жақсы мүмкіндік деп есептейтінін мәлімдеді.
Қазақстан премьер-министрі елінің ҚХР-мен ынтымақтастықтарын кеңейтуге әзірлігін баса айтты.