Еуропа "Ортақ қадамға" беріктігін тағы қуаттады
(last modified Sat, 13 Oct 2018 09:45:32 GMT )
Қаз 13, 2018 15:45 Asia/Almaty
  • Еуропа

Еуропа одағының қаржы тұрақтылығы жөніндегі комиссары АҚШ-тың Иранның ядролық келісімінен біржақты түрде шығуын сынап, Еуропа одағының "Ортақ қадамға" берік болып қалатынын баса айтты.

Bloomberg ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Еуропа одағының қаржы тұрақтылығы жөніндегі комиссары Валдис Домбровскис: "Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына беріктігін бірнеше рет растады. Еуропа одағы бұл келісімге берік болып қалады",- деп мәлімдеді.

Домбровскис АҚШ-тың "Ортақ қадамнан" біржақты түрде шығуына сілтеме жасап: "Иранның ядролық келісіміне қатысты салынған санкциялар жайлы келіспеушіліктер бар",- деді.

АҚШ "Ортақ қадамнан" шыққан соң Иран мен Еуропа соңғы апталарда бұл халықаралық келісімді сақтап қалу мақсатында сұхбаттасулар мен диалогтар өткізді. Еуропа келіссөздер барысында "Ортақ қадам" шеңбері мен АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларымен күресу мақсатында Теһранға қолдау көрсету әрекеттерінің пакетін ұсынуға міндеттелді.