БҰҰ-да Иран, АҚШ және Сауд әулеті режимі арасында дипломатиялық жанжал болды
https://itolqyn.com/news/world-i39386
Иран өкілі БҰҰ Бас ассамблеясының бірінші комитетінде америкалық және саудиялық әріптестерімен болған дипломатиялық жанжал кезінде: "Сауд Арабиясы тіпті журналистердің өздері лаңкестік әрекеттерден аман қалмайтын лаңкестіктің патшалығы саналады",- деп мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 13, 2018 19:55 Asia/Almaty
  • БҰҰ-да Иран, АҚШ және Сауд әулеті режимі арасында дипломатиялық жанжал болды

Иран өкілі БҰҰ Бас ассамблеясының бірінші комитетінде америкалық және саудиялық әріптестерімен болған дипломатиялық жанжал кезінде: "Сауд Арабиясы тіпті журналистердің өздері лаңкестік әрекеттерден аман қалмайтын лаңкестіктің патшалығы саналады",- деп мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мохаммад Хусейн Ғани жұма күні кешке Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас ассамблеясының 73-сессиясының Қауіпсіздік және қарусыздану жөніндегі комитетінің отырысында Иранды Йеменге баллистикалық зымыран жіберді деп айыптаған Сауд Арабиясы өкілінің Иранға қарсы сөздеріне жауап бергенде жалған уәждердің Арабстанның Йемендегі қылмыстарын жасыру мақсатында айтылып жатқанын мәлімдеді.

Ғани Сауд Арабиясының қару-жарақ сатып алу үшін әлемдегі көп қаржы жұмсайтын үшінші ел екенін баяндап: "Сауд Арабиясы дәл сол қаруларды бейбіт тұрғындарды, әсіресе мектептердегі йемендік балаларды, оқушыларды тасымалдайтын автобустарды, діни және медициналық орталықтарды жою үшін пайдаланады",- деді.

БҰҰ Бас ассамблеясының бірінші комитетіндегі Иранның өкілі Сауд Арабиясы мен сионистік режим атауларының лаңкестікпен синоним екенін баса айтып, Сауд Арабиясы мен сионистік режимді аймақтағы лаңкестіктің ең ірі экспорттаушылары деп атады.