Арабстандық сыншы журналистің өліміне қатысты жаңа айғақтар табылды
Түркияның қауіпсіздік күштері арабстандық сыншы журналист Джамал Хашоғджидің өліміне қатысты жаңа дәлелдер мен айғақтардың табылғанын хабарлады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Түркияның қауіпсіздік күштері іс-түссіз жоғалып кеткен арабстандық журналист Джамал Хашоғджидің Стамбұлдағы Сауд Арабиясының консулдығы ғимаратына кірер алдында сағатының диктофонды қосқанын мәлімдеді.
Сондай-ақ CNN арнасы: "Түркияның қолында арабстандық тілші Джамал Хашоғджидің Сауд Арабиясының Стамбұлдағы консулдығында өлтірілуіне қатысты аудио және видео айғағы бар",- деп мәлімдеді.
Еуропа комиссиясының баспасөз өкілі Майя Косянчич комиссияның Сауд Арабиясы басшыларына Джамал Хашоғджидің іс-түссіз жоғалуына қатысты ашық әрі жан-жақты тергеу жұмыстарын жүзеге асыру керектігін мәлімдегенін айтты.