Америкалық коалицияның қырғи ұшақтары Хаджин қаласын ақ фосформен бомбалады
(last modified Sat, 13 Oct 2018 16:21:42 GMT )
Қаз 13, 2018 22:21 Asia/Almaty
  • Америкалық коалицияның қырғи ұшақтары Хаджин қаласын ақ фосформен бомбалады

АҚШ бастаған халықаралық коалиция Сирияның Дейр-эз-Зор облысының оңтүстік-шығысында орналасқан Хаджин қаласын ақ фосформен нысанаға алды.

Сирияның SANA ресми ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша, виртуалды кеңістіктің белсенділері де коалицияның бомбалағанын көрсететін суреттерді әлеуметтік желілерде жариялаған. Онда ақ фосфордың қолданылғаны байқалған.

Сирияның Қорғаныс министрлігі де бұдан бұрын  8 қыркүйекте америкалық қырғи ұшақтардың бірнеше рет Хаджин қаласын фосфорлы бомбалармен нысанаға алғанын хабарлаған болатын.

АҚШ бастаған халықаралық коалиция бұдан бұрын Ракка қаласында фосфорлы бомбаларды пайдаланғанын мойындаған. Ракка қаласын фосфорлы бомбалар және басқа да тыйым салынған қарулармен бомбалау ондаған сириялықтың қаза тауып, жараланып, бұл қаланың инфрақұрылымы мен тұрғын үйлерінің ауқымды түрде қирауына себеп болды.