Қаз 14, 2018 22:27 Asia/Almaty
  • Өзбекстанда Иранның қатысуымен 117 өндірістік бірлестік жұмыс істейді

Теһрандағы Өзбекстан елшіс Өзбекстанның әртүрлі аймақтарында өнеркәсіп пен сауда салаларында ирандық белсенділердің қатысуымен 117 өндірістік бірлестіктің жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Бахадур Абдуллаев Иранның орталық облысы Аракқа жасаған сапарында Өзбекстандағы өнеркәсіптік инвесторлардың көбінің осы облыстан екендіктеріне тоқталып: "Бұл сапар Орталық облыстың өнеркәсіп және ауылшаруашылығы мүмкіндіктерімен көбірек танысу және осы облыс пен Өзбекстан арасындағы сауда айналымын арттыруға жағдай жасау мақсатында орын алуда. Иран бизнесмендері мен белсенділерінің Өзбекстанның визасын алуына ешқандай қиындық жоқ. Виза екі күннің ішінде беріледі",- деді.

Осы мәлімет бойынша, өткен алты айдың ішінде Иранның Орталық облысынан Өзбекстанға 735 мың долларға  430 тонна мөлшерде тауар экспортталған.

 

   

 

Тегтер