Әл-Барадей: Хашоғджидің жоғалып кетуі әлем халықтарының ұжданын оятты
https://itolqyn.com/news/world-i39422
АҚХА-нің бұрынғы бас директоры жексенбі күні Сауд режимін сынаған сыншы, тілші, жазушы Джамал Хашоғджидің тағдырына алаңдаушылық білдіріп: "Хашоғджидің жоғалып кету оқиғасы әлем халықтарының ұжданын оятты",-деп қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 15, 2018 20:21 Asia/Almaty
  • Әл-Барадей: Хашоғджидің жоғалып кетуі әлем халықтарының ұжданын оятты

АҚХА-нің бұрынғы бас директоры жексенбі күні Сауд режимін сынаған сыншы, тілші, жазушы Джамал Хашоғджидің тағдырына алаңдаушылық білдіріп: "Хашоғджидің жоғалып кету оқиғасы әлем халықтарының ұжданын оятты",-деп қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммед әл-Барадей Twitter-дегі жеке парақшасында: "Тексерістің нәтижесінен бөлек әлем халықтарының ұзақ уақыттан бері мүлгіген ұжданының жер бетінде қаламнан басқа ештеңесі жоқ адамның жоғалып кетуіне байланысты оянуы адамгершілік принципін жоюға бағытталған барлық талпыныстарға қарамастан дейін оның біздің жүрегімізде әлі тірі екендігіне қатысты үміт отын тудырды",-деп жазды.

Осындай жағдайда Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джереми Гант, Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан мен Германияның Сыртқы істер министрі Хайко Мас жексенбі күні ортақ мәлімдеме жариялап, Сауд Арабиясы мен Түркия үкіметтерінен Джамал Хашоғджидің жоғалып кетуі мен өлтірілуіне жауапты адамдарды анықтауды сұрады.

Мәлімдемеде: "Джамал Хашоғджи тап болған оқиғаның ақиқатын анықтау үшін сенімді тексеріс жүргізілуі керек",-деп баса айтылған.