Иран мен Пәкістанның ортақ шекаралық сауда комитетінің алтыншы отырысы басталды
Қаз 15, 2018 21:22 Asia/Almaty
Иран мен Пәкістанның ортақ шекаралық сауда комитетінің алтыншы отырысы бүгін Пәкістанның Белучистан облысының орталығы Кветта қаласында өз жұмысын бастады.
ИИР-ның Бас консулы отырыстың мақсатын шекаралық қарым-қатынасты дамыту, шекаралық базарлардың жұмыстарын арттыру, шекаралық пункттерді іске қосуды жылдамдату, тауар транзиті мен тасымалын қарқындату, сауда қатынасындағы қиыншылықтар мен кедергілерді жою деп атады.
Иран мен Пәкістанның құрлық пен теңізде 1000 шақырымға жуық ортақ шекарасы бар. Екі елдің сауда айналымы 2017 жылы 1 млрд 324 млн долларды құрады.
Тегтер