Иранның Мұнай министрі мен Ресейдің Энергетика министрі Мәскеуде пікір алмасты
(last modified Tue, 16 Oct 2018 09:13:49 GMT )
Қаз 16, 2018 15:13 Asia/Almaty
  • Иранның Мұнай министрі мен Ресейдің Энергетика министрі Мәскеуде пікір алмасты

Иранның Мұнай министрі өзінің Мәскеу сапарында Ресейдің Энергетика министрімен кездесіп, әлемдік мұнай нарығы туралы пікір алмасты.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Мәскеуден хабарлауы бойынша Бижан Намдар Зангене мен Александр Новак мұнай өндіруші елдердің бағаны тұрақтандырудағы рөлін қуаттап, ОПЕК-тің меморандумы бойынша, мұнай өндірісін реттеу мүмкіндігін талқылады. Иран мен Ресей министрлері сондай-ақ, ОПЕК меморандумы мен екі елдің энергетика саласындағы ынтымақтастықтары бойынша мұнайды көбірек өндірісі жағдайының жақсарғанын хабарлады.

Ресейдің Энергетика министрі ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдердің белгіленген мөлшерге табанды болуы қажеттігін қуаттап: "Мұнай өндіретін елдер белгілеген мөлшерлерге табанды болу мұнай нарығында тұрақтылықтың орнатылуымен бірге мұнай өндіруші және оны тұтынушы елдердің мүдделерін қорғап, инвестицияның қауіпсіздігіне себеп бола алады",- деді.

 

Тегтер