Гарвард университеті нәсілшілдік қатынаспен айыпталды
https://itolqyn.com/news/world-i39448-Гарвард_университеті_нәсілшілдік_қатынаспен_айыпталды
АҚШ-тың Гарвард университеті азиат тектес студенттерге кемсітушілік қатынас көрсетумен айыпталды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 16, 2018 23:01 Asia/Almaty
  • Гарвард университеті нәсілшілдік қатынаспен айыпталды

АҚШ-тың Гарвард университеті азиат тектес студенттерге кемсітушілік қатынас көрсетумен айыпталды.

Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, дүйсенбі күні АҚШ-тың Массачусетс штатында орналасқан Гарвард университетіне қарсы істі талқылауға арналған сот отырысында шағымданушылар университеттің азиат тектес студенттерінің басқа жерлердің студенттері және қызметкерлерімен салыстырғанда рейтингте төмен баға алатынын мәлімдеді.

АҚШ-тағы "Студенттерді әділ қабылдау" атты бейресми топтың айтуы бойынша, осы елдегі оқу орталықтары оқушылар мен студенттерді қабылдау кезінде олардың нәсіліне көңіл аударып, нәсілдері бойынша таңдайды.

Қазір Гарвард университеті студенттерінің 23 пайызға жуығын азиаттар құрайды.