АҚШ Иранға тағы санкция салды
(last modified Wed, 17 Oct 2018 10:18:58 GMT )
Қаз 17, 2018 16:18 Asia/Almaty
  • АҚШ Иранға тағы санкция салды

АҚШ сейсенбі күні ИИР-на қарсы дұшпандық әрекеттерінің жалғасында 20 ирандық банк пен компания және басқа да органдарға санкция салды.

"Меһр" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ Қаржы министрлігі бұл ирандық банктер мен компаниялар мен басқа органдарды Ислам революциясы Сақшылар корпусы және "Басидж" ұйымымен қарым-қатынаста деген сылтаумен санкциялардың тізіміне енгізген.

АҚШ Қаржы министрлігі бұдан бұрын сан рет ирандық азаматтар мен компанияларға, сондай-ақ, шетелдік компанияларға Ислам революциясы  Сақшылар корпусымен қарым-қатынас орнату сияқты әртүрлі сылтаулармен санкция салған болатын.

АҚШ Қаржы министрінің орынбасары Сигал Манделкер Вашингтонның Сақшылар корпусына қарсы көбірек әрекет жасауы керектігі туралы уәж айтты.

Ислам революциясының Сақшылар корпусы аймақтағы АҚШ қолдауына ие лаңкестермен күресте маңызды рөл атқаруда.