Иран мен Пәкістан СІМ телефон арқылы сөйлесті
Иран Сыртқы істер министрі Пәкістан Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сұхбатта ирандық күштерді лаңкестердің қолынан азат ету үшін сол елдің үкіметінен жылдам және қатаң әрекет қолдануды сұрады.
Иран Сыртқы істер министрі Зариф пәкістандық әріптесі Шах Махмуд Қурейшпен телефон арқылы сұхбатта Иранның шекарасындағы Мирджаведе шекаралық базасынан лаңкестік топтар ұрлап, Пәкістанға әкетілген шекарашылардың жағдайын сұрастырды. Зариф бұдан бұрын жасалған келіссөздер бойынша Иран мен Пәкістан арасындағы ортақ шекаралардың қауіпсіздігін арттыру қажеттігін қуаттап, Пәкістан үкіметінен ұрлан шекарашылардың қауіпсіздігі мен саулығын қамтамасыз етіп, оқиғаға қатыстыларды анықтап, ұрланған шекарашыларды Иранға жылдам қайтару үшін шарал қолдануды талап етті.
Пәкістан Сыртқы істер министрі де лаңкестік топтардың адамзатқа қарсы әрекеттерін айыптап: «Пәкістан үкіметі қылмыскерлерді тауып, қамауға алып, ирандық шекарашылардың азаттығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бар күшін салады»,- деді.
Дүйсенбі күні түнде Иранның оңтүстік-шығысындағы Мирджаведегі шекаралық базадан лаңкестік топтар ирандық бірнеше шекарашы мен жергілікті ерікті күшт ұрлап әкетті.