Сауд Арабиясының Сирия істеріне араласуға құқығы жоқ
Сирияның БҰҰ-дағы өкілі Қауіпсіздік кеңесінің жиналысында аймақта лаңкестіктің пайда болуына себеп болған Сауд Арабиясының Сирия істеріне араласуға құқығы жоқ екендігін мәлімдеді.
Сирияның БҰҰ-дағы өкілі Башар әл-Джафари Қауіпсіздік кеңесінің жиналысында Сауд Арабиясының өкілі Абдулла әл-Муаллемиге аймақта лаңкестіктің пайда болуына себеп болған және өз тілшісі Джамал Хашагджиді айуандықпен өлтірген Сауд Арабиясының Сирия істеріне араласуға құқығы жоқ екендігін баса айтып: «Сауд Арабиясының өкілі өз елінің Сирия халқына көмектесуге шешім қабылдағанын айтты. Бірақ, Сауд әулетінің Сирия, Ирак, Ливан, Иордания, Мысыр, Ливия, Ауғанстан, Нигерия мен Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде лаңкестіктің пайда болып, таралғанына жауапты екенін ұмытты»,-деді.