Панама құжаттары Ресейді әлсірету үшін қолданылады
Ресей президенті Панама құжаттарын жариялауды Ресейді әлсірету үшін жасалған талпыныс деп атады.
«Меһр» ақпарат агенттігінің бейсенбі күнгі Ұлыбританияның «The Independent» газетіне сілтеме жасап хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин: «Панама құжаттарын жариялау халықаралық деңгейде Ресейді әлсірету үшін жасалған талпыныс болып табылады. Панама құжаттарында сілтеме жасалған есеп- шоттарға Ресейдің ешқандай қатысы жоқ» деді.
Панамадағы «Mossack Fonseca» құқықтық компаниясы «Панама құжаттары» деп аталатын құпия құжаттарды жариялап, әлемге әйгілі кейбір саясаткерлердің өз елдерінен тыс активтерін әшкереледі.
Осы құжаттарда Ресей қайраткерлері, соның ішінде Ресей президенті Владимир Путин туралы мәліметтер жарияланды. Сол мәліметке сәйкес, олардың шетел банктерінде сақталынып жатқан байлықтары бар көрінеді.