Франция лауазымды тұлғаларының Сауд Арабиясына сапарлары тоқтатылды
(last modified Fri, 19 Oct 2018 11:17:31 GMT )
Қаз 19, 2018 17:17 Asia/Almaty
  • Франция лауазымды тұлғаларының Сауд Арабиясына сапарлары тоқтатылды

Франция Президенті Еуроодақ басшыларының Брюссель саммиті аясында Джамал Хашоғджидің белгісіз жағдайына тоқталып, қазіргі жағдайда Францияның өзінің лауазымды тұлғаларының Сауд Арабиясы сапарларын тоқтатқанын мәлімдеді.

ИРНА-ның жұма күнгі мәліметі бойынша Эммануэль Макрон Францияның Экономика министрі Бруно Ле Мейрдің алдағы аптада Сауд Арабиясында өтетін «Келешектегі инвестицияның бастамалары» конференциясына қатыспайтынын мәлімдеді.  

Сондай-ақ, АҚШ Қаржы министрі Стивен Мнучин де бейсенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамптың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен Сауд Арабиясында өтетін экономикалық форумға қатыспау туралы келіскенін хабарлады.

Майк Помпео Сауд Арабиясы мен Түркия сапарынан кейін саудиялық сыншы, тілші Джамал Хашоғджидің өліміне қатысты Риядқа көбірек уақыт беруді сұрады.

Британия үкіметі бейсенбі күні елдің халықаралық сауда министрінің Сауд Арабиясындағы экономикалық форумға қатыспайтынын жариялап, Лондонның Сауд үкіметін сынаған тілші Джамал Хашоғджидің тағдырына алаңдаушылық білдіретінін көрсетті.