Путин Батысқа Ресейге қарсы ықтималды ядролық шабуылға ескерту жасады
(last modified Fri, 19 Oct 2018 14:08:13 GMT )
Қаз 19, 2018 20:08 Asia/Almaty

Ресей Президенті Батысқа Ресейге қарсы кез келген ядролық шабуылға жауап қайтарылатынын ескертті.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша  Владимир Путин  бейсенбі күні Сочиде өткен 15 «Валдай» форумында: «Ресей – ядролық қаруды бірінші болып қолданбайтын мемлекет. Бірақ, егер ядролық шабуыл нысанына алынатындығына көзі жетсе, 10 секундтің ішінде шабуыл жасаушы мемлекетті өзінің ядролық қаруларының нысанасына алады»,- деді. Путин сондай-ақ, Ресейдің ядролық доктринасының ядролық қаруды бірінші болып пайдалануды қарастырмайтынын айтып: «Мәскеу дамыған қару өндірісі саласында өз бәсекелестерінің алдына шығып, бұл салада жоғары сенімге ие болды. Өйткені, әлем бойынша ең үлкен жер көлеміне, кең ауқымды әскери мүмкіндіктері мен отаны үшін жанын қиюға дайын халыққа ие»,- деді.