Ирандық оқушылар халықаралық математика жарысында жеңімпаз атанды
Қаз 20, 2018 15:38 Asia/Almaty
Ирандық дарынды оқушылар Ұлыбританияның WMC халықаралық математика жарысында жеңімпаз атанды.
Теһранның Математика үйінің директоры Мұстафа Нури жұма күні IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында 7-11 сыныптарда оқитын 12-16 жас аралығындағы 51 ирандық дарынды оқушы Ұлыбританияның WMC халықаралық математика жарысында 30 алтын, 38 күміс және 39 қола, 3 жеке жүлдеге ие болды»,-деді.
Теһранның Математика үйі директорының айтуынша, халықаралық математика жарысы бір мезгілде алты елде өткен. Ирандық оқушылар Ұлыбританияда барлық жас категориясы бойынша АҚШ, Болгария, Үндістан мен Аустралиядан келген оқушылармен қатысты.
Тегтер