АҚШ Президентінің күйеу баласының Хашагджидің өліміне қатысы бар
https://itolqyn.com/news/world-i39510
АҚШ Өкілдер палатасының демократ мүшесі осы ел Президенті күйеу баласының Сауд Арабиясының сыншысының өліміне қатысы болғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 20, 2018 21:16 Asia/Almaty
  • АҚШ Президентінің күйеу баласының Хашагджидің өліміне қатысы бар

АҚШ Өкілдер палатасының демократ мүшесі осы ел Президенті күйеу баласының Сауд Арабиясының сыншысының өліміне қатысы болғанын хабарлады.

Хоакин Кастро CNN телеарнасына берген сұхбатында: "Джаред Кушнер Джамал Хашагджидің есімін Сауд Арабиясы дұшпандарының тізіміне енгізу арқылы осы тілшінің өлтірілуіне себеп болды",-деді.

Кастроның айтуы бойынша, АҚШ Президенті Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер осы елдің қауіпсіздік күштерінің көмегімен Мұхаммад бен Салманға тізім ұсынған. Сауд Арабиясының тақ мұрагері осы тізім бойынша әрекет еткен.

Демократ сенатор Элизабет Уоррен Хашагджидің өліміне қатысты айтқан сөзінде АҚШ пен бүкіл әлемнің бұған реакция білдіруі керектігін, бірақ Трамптың мұндай ниетінің жоғын айтты.   

АҚШ-тың демократ сенаторы Крис Мерфи да Сауд Арабиясын Джамал Хашагджидің өліміне қатысты өтірік айтқанын сынап, АҚШ үкіметінен осы мәселеге реакция білдіруді сұрады.