Иранның АҚШ-тың үстінен түсірген шағымы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде тіркелді
Халықаралық әділет сотының Иран АҚШ-тың үстінен түсірген шағымына қатысты уақытша үкімі БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде құжат ретінде тіркелді.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Халықаралық әділет сотының Иранның АҚШ-тың үстінен түсірген шағымына қатысты уақытша үкімін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде құжат ретінде тіркеуге бұйрық берді.
Халықаралық әділет сотының үкімі кесімді, орындауға міндетті және қайта қарастырылмайды.
Нидерландының Гаага қаласында орналасқан Халықаралық әділет соты 3 қазанда төрт күн бойғы тыңдау жиналыстары және бірнеше апта бойғы талқылаудан кейін АҚШ-тың Иранға қарсы кейбір санкцияларын тоқтатуға шешім қабылдады.
АҚШ Халықаралық әділет сотының үкімі шығарылғаннан кейін Иранмен арадағы достық келісімді бұзатынын мәлімдеді.