Пәкістан ирандық шекарашыларды ұрлаған лаңкестерді ұстауға бар күшін салады
(last modified Sat, 20 Oct 2018 15:27:18 GMT )
Қаз 20, 2018 21:27 Asia/Almaty
  • Пәкістан ирандық шекарашыларды ұрлаған лаңкестерді ұстауға бар күшін салады

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы Пәкістан үкіметінен ирандық шекарашыларды ұрлаған лаңкестерді ұстау үшін жылдам әрі қатаң шара қолдануды сұрады.

Генерал Бағери Пәкістан армиясының құрлық күштері қолбасшысымен телефон арқылы сұхбатында қарулы және шекара күштерінің Иранмен ортақ шекарада көбірек орналастырылып, аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, нығайтып, қылмыскерлер мен лаңкестердің әрекеттерінің алдын алуы қажеттігін қуаттады. Қамар Джавид Баджва да Иран шекарашыларының ұрланғанына өкініш білдіріп, Пәкістанның қарулы және қауіпсіздік күштері талпыныстарының лаңкестерді тез арада ұстап, ұрланған шекарашыларды босатуға ұласатындығына үміт білдірді.

15 қазанда Иранның жергілікті басидж-халықтық күштері мен шекара күштері елдің оңтүстік-шығысындағы Мирджаве шекаралық пунктінде лаңкестік топтар тарапынан ұрланып, Пәкістан территориясына тасымалданды.