Өзбекстан, Ресей мен Қазақстан басшылары бейресми кездесті
https://itolqyn.com/news/world-i39526-Өзбекстан_Ресей_мен_Қазақстан_басшылары_бейресми_кездесті
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеёв, РФ Президенті Владимир Путин мен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Түркістан облысындағы Сарыағаш қаласында бейресми кездесті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 21, 2018 18:49 Asia/Almaty

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеёв, РФ Президенті Владимир Путин мен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Түркістан облысындағы Сарыағаш қаласында бейресми кездесті.

Fars ақпарат агенттігінің Ташкенттен хабарлауы бойынша, үш елдің басшылары осы кездесуде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылаған.

Мұнымен қоса, кездесуде Өзбекстан, Ресей мен Қазақстанның ТМД мен басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ынтымақтастығы, сондай-ақ, маңызды аймақтық және халықаралық тақырыптар қарастырылған.

РФ Президенті Өзбекстан басшысының шақыруымен Ташкентке барған болатын. Осы сапар аясында өзара ынтымақтастықты одан ары кеңейту мақсатында әртүрлі салаларда құны 27 млрд доллардан асатын екіжақты 20 құжатқа қол қойылды.