Иранға салынған санкцияларды жүзеге асыру – Америка Қаржы министрі мен Нетаньяху кездесуінің тақырыбы
Америка Қаржы министрінің басып алынған Палестина сапарындағы әрекеттері мен сионистік режимнің премьер-министрі Нетаньяхумен Американың Иранға салған санкцияларын жүзеге асыру туралы кеңесуі Американың оқшаулығының белгілерін айқындата түсті.
Америка Қаржы министрі Мнучин Стивен жексенбі күні сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяхумен кездескен соң тілшілерге берген сұхбатта екі жақтың Вашингтон мен Тель-Авивтің Иранға салынған санкцияларды іске асыру сияқты мәселелер жайлы кеңескендерін айтты.
Санкциялардың екінші кезеңі қараша айынан Иранның мұнай экспортын жою мақсатында басталады. Дегенмен, Мнучин санкцияларды жүз пайыз орындау мүмкіндігінің жоқ екендігін мойындады.
Дональд Трамп Иранды ядролық тақырыптардан басқа мәселелер бойынша келісімге келтіру үшін «Ортақ қадамды» осы келісімнің басқа тараптарына қысым жасау үшін құрал ретінде пайдалануды күн тәртібіне енгізді.
Трамп Еуропа елдерінің Иранмен серіктестігіне кедергі жасауға күш салып жатқанымен, бұл салада табысқа жеткен жоқ.
Иранды аймақта лаңкестікке қолдау көрсетеді деп айыптау және Иранның зымырандық қорғаныс әлеуеті аймақ қауіпсіздігі үшін қатер деген уәж – Америка мен Израильдің Иранға қарсы саясаттарының бір бөлігі.
Америка 1996 жылы Иранға қарсы негізсіз уәждері түріндегі қастандықтары мен салған санкцияларын жүзеге асыруды бастады. Бірақ, он жылдан астам уақыттың өткеніне қарамастан мақсатына жеткен жоқ.
Соған қарамастан Вашингтон енді бұрынғыдан да қатаң санкцияларды қолдану арқылы Иранды оқшаулауға әрекет жасап жатыр.
Алайда, Трамптың бұл үдерістегі жалғыз қолдаушысы Трамп қана. Трамп үкіметінің Нетаньяхумен қарқынды кеңесулері мен Иранға салынған санкцияларды орындау үшін екі ел арасындағы ортақ команданың құрылуы соны тақырып емес.
«Гаарец» газеті жуырда «Америка Теһранға қарсы экономикалық санкцияларды жүзеге асыру үшін Израильмен ортақ команда құрды» деп жазды.
Араб әлемінің танымал сарапшысы Абдул Бари Атаван да Иранға қарсы Америка мен Израиль талпыныстарының болашағы туралы сараптамасында: «Америка үлкен ақымақтық жасағалы отыр. Оның нәтижеге жететіндігіне кепілдік жоқ. Израиль мен Парсы шығанағы жағалауындағы кейбір елдердің оның құнын қаржылай, қауіпсіздік, тұрақтылық пен әл-ауқат тұрғыларынан төлейтіндіктеріне сенімдімін" деді.
Танымал сарапшының пікіріне сәйкес, егер Америка Иранға қарсы экономикалық соғыс ашатын болса, оны Парсы шығанағындағы елдерді қолдау үшін жасамайды. Керісінше, ондағы мақсаты – Израильді, әсіресе оның аймақтағы гегемониясын қолдап, осы режимнің кез келген бақталасын жою.
Америка басшылары бұл жолы да Иранның әлеуеттеріне қатысты қателесті. Америкадағы бір университеттің ұстазы, ядролық сала бойынша сарапшы Джим Валештің айтуы бойынша, «Ортақ қадам» келісімінен шыққаны Ираннан бұрын Американың өзіне зиян келтіреді. Санкцияларды орындауға деген табандылық соңында Трамп үкіметін әлемдік деңгейде оқшау қалдырады.
Трамптың Иранға қарсы Нетаньяхумен ортақ әрекеттері Американың оқшаулығын жылдамдататындығы шәксіз.