Ұлыбритания, Германия мен Франция Хашагджидің өлімін айыптаған ортақ мәлімдеме жариялады
Ұлыбритания, Германия мен Францияның Сыртқы істер министрлері ортақ мәлімдеме жариялап, Сауд режимін сынаған тілшінің өлтірілуін айыптады.
IRNA ақпарат агенттігінің жексенбі күні кешке хабарлауы бойынша, Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан, Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джереми Хант және Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас осы мәлімдемеде: "Сауд режимін сынаған тілші Джамал Хашагджидің өлтірілуін ештеңемен түсіндіруге болмайды. Тілшілерге қоқан-лоққы жасау, шабуыл жасап, өлтіру – ешбір жағдайда қабылдауға болмайтын істер. Ұлыбритания, Германия мен Франция үшін бұлар алаңдаушылық тудыратын әрекеттер",-деп жазылған.
Осы үш елдің Сыртқы істер министрлері Сауд Арабиясының Хашагджидің қалайша өлтірілгеніне қатысты түсініктерін қабылдамай, оқиғаның нақты қалай болғаны туралы тез арада ашық зерттеу жүргізілу қажеттігін қуаттады.