Еуропаның «Ортақ қадам» бағдарламасына қатысты талпыныстары жүзеге асырылуы керек
(last modified Tue, 23 Oct 2018 12:53:09 GMT )
Қаз 23, 2018 18:53 Asia/Almaty
  • Еуропаның «Ортақ қадам» бағдарламасына қатысты талпыныстары жүзеге асырылуы керек

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Еуропаның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап, оны жүзеге асыру әрекеттерін қолдап, Еуропаның, соның ішінде Францияның талпыныстарының жедел әрі іс жүзіндегі шешімдерге себеп болатындығына үміт білдірді.

Сейед Аббас Арақчи дүйсенбі күні Франция Сенатындағы Франция-Иран парламенттік достық тобының басшысы Philippe Bonnecarrеre және Францияның Ұлттық жиналысындағы екі елдің достық тобының басшысы Delphine Oмен Теһрандағы кездесуінде: «Иран Францияның АҚШ-тың біржақты ұстанымы мен трансаймақтық заңдарына қарсы тұрудағы ерік-жігерін қолдайды. АҚШ біржақты әрі заңсыз түрде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын бұзуымен қатар, басқаларды да заңдарды бұзуға ынталандырады немесе мәжбүрлейді»,- деді. 

Франция Сенаты мен Ұлттық жиналысындағы Франция-Иран парламенттік достық тобының  басшылары Франция Парламентінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдайтынын қуаттап, банктік байланыс пен Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы мүддесін пайдалану механизмдерін табуды  басты мәселе деп атап, Францияның бұл мәселені шынайы түрде қарастырып жатқанын айтты.

 

 

 

 

 

 

Тегтер