Еуропаның «Ортақ қадам» бағдарламасына қатысты талпыныстары жүзеге асырылуы керек
Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Еуропаның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап, оны жүзеге асыру әрекеттерін қолдап, Еуропаның, соның ішінде Францияның талпыныстарының жедел әрі іс жүзіндегі шешімдерге себеп болатындығына үміт білдірді.
Сейед Аббас Арақчи дүйсенбі күні Франция Сенатындағы Франция-Иран парламенттік достық тобының басшысы Philippe Bonnecarrеre және Францияның Ұлттық жиналысындағы екі елдің достық тобының басшысы Delphine Oмен Теһрандағы кездесуінде: «Иран Францияның АҚШ-тың біржақты ұстанымы мен трансаймақтық заңдарына қарсы тұрудағы ерік-жігерін қолдайды. АҚШ біржақты әрі заңсыз түрде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын бұзуымен қатар, басқаларды да заңдарды бұзуға ынталандырады немесе мәжбүрлейді»,- деді.
Франция Сенаты мен Ұлттық жиналысындағы Франция-Иран парламенттік достық тобының басшылары Франция Парламентінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдайтынын қуаттап, банктік байланыс пен Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы мүддесін пайдалану механизмдерін табуды басты мәселе деп атап, Францияның бұл мәселені шынайы түрде қарастырып жатқанын айтты.