АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары жалғасуда
https://itolqyn.com/news/world-i39574
АҚШ Қаржы министрлігі сейсенбі күні сегіз адамды, соның ішінде екі ирандық азаматты Иранмен байланыста болғаны үшін санкция тізіміне енгізгенін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 24, 2018 14:47 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары жалғасуда

АҚШ Қаржы министрлігі сейсенбі күні сегіз адамды, соның ішінде екі ирандық азаматты Иранмен байланыста болғаны үшін санкция тізіміне енгізгенін хабарлады.

ИRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ Қаржы министрілігінің шетелдік есеп-шоттарды бақылайтын кеңсесі (ОҒАС) мәлімдемесінде: «Бұл 8 адам Ауғанстанның Талибан тобымен қарым-қатынаста болды»,- деді. АҚШ Қаржы министрлігі санкция салған адамдардың тізімінен пәкістандық және ауғандық азаматтардың есімдері көзге түседі. АҚШ-тың әртүрлі сылтау және әртүрлі уәждерімен әртүрлі елдерге, соның ішінде Иранға қарсы санкция салу саясаты әлемдік қоғамның сынына ілінді.