Ресей мен Қытай Американың жаңа санкцияларына қарамастан ынтымақтастықтарын жалғастырады
https://itolqyn.com/news/world-i39618-Ресей_мен_Қытай_Американың_жаңа_санкцияларына_қарамастан_ынтымақтастықтарын_жалғастырады
Америка президенті Дональд Трамп Американың «Ортақ қадам» ядролық келісімінен шығатынын жариялауы «алтылық» тобының шығыстағы Ресей мен Қытай, батыстағы Германия, Франция, Британия мен Еуропа Одағы сынды батыс мүшелерінің қарсылықтарымен бетпе-бет келді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 27, 2018 19:10 Asia/Almaty
  • Ресей мен Қытай Американың жаңа санкцияларына қарамастан ынтымақтастықтарын жалғастырады

Америка президенті Дональд Трамп Американың «Ортақ қадам» ядролық келісімінен шығатынын жариялауы «алтылық» тобының шығыстағы Ресей мен Қытай, батыстағы Германия, Франция, Британия мен Еуропа Одағы сынды батыс мүшелерінің қарсылықтарымен бетпе-бет келді.

Бұл елдер қазір «бестік» тобы түрінде «Ортақ қадамды» сақтап, осы салада іс жүзіндегі шешім жолдарын табу үшін ауқымды талпыныс жасап жатыр. Ресей мен Қытай «Ортақ қадам» келісімі бұзылып, осы халықаралық келісім жойылатын болса, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін оның көптеген салдарлары болады деп санайды. Сол себепті осы екі ел соңғы айларда елдің жоғары басшыларының атынан бірнеше рет «Ортақ қадамның» маңыздылығына назар аудартып, оны сақтауға ықылас танытты.

Осы аяда Ресей Иранға қарсы салынған жаңа санкциялардың Мәскеуді Теһранмен серіктестікті жалғастырудан тосылтпайтынын мәлімдеді.

Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы Мария Захарова Иранға қарсы санкциялардың заңсыз екендігін баса айтты. Оның айтуы бойынша, Ресей Иранмен экономикалық және сауда серіктестіктеріне санкциялардың теріс әсерінің алдын алу үшін тиісті шара қолданады әрі санкциялардың жаңа легі Мәскеуге Иранмен ынтымақтастығын жалғастыруға тосқауыл қоя алмайды.

Мәскеу Американың «Ортақ қадамнан» шығатындай және Иранға қарсы жаңадан санкция салатындай ешқандай сылтауы жоқ деген ұстанымға ие.

Қытай да осындай ұстаным білдірді. Бейжіңнің көзқарасы бойынша Иранға қарсы тағы санкция салу, соның ішінде мұнай саласындағы санкциялар трансаймақтық санкция саналады.

Американың трансаймақтық санкциялары, атап айтқанда Иран мен басқа да үкіметтер мен компанияларға және америкалық емес мекемелерге қарсы салынып, жүзеге асырылып жатқан санкциялары «бестік» тобының қарымта реакциясына ұшырады.

Америка басқа елдерді Иранға қарсы салынған санкцияларға ілестіру үшін қысым жасауда өзінің билік аумағын кеңейтуді көздейді. Алайда, бұл әрекеті халықаралық ережелер мен заңдарға қайшы.

Сол себепті «бестік» тобындағы әлемдік алпауыт елдер Америка санкцияларының заңсыздығы мен онымен күресу керектігіне қатты назар аударып отыр. Осы аяда Қытай СІМ-нің ақпарат хатшысы Hua Chunying баспасөз маслихатында Американың біржақты санкцияларына қарамастан елінің Ираннан мұнай сатып алуды жалғастыратынын мәлімдеді.

Еуропа Одағының «Ортақ қадам» келісімін сақтау жолындағы шешім жолдарынан, соның ішінде санкцияны бұғаттау заңдарын іске асыруы мен қарашаның  төртіне   дейін, яғни Американың Иранға қарсы ядролық санкцияларының екінші кезеңін жүзеге асыратын уақытқа дейін Иранға ұсыныстар пакетін тапсыруынан еуропалықтардың Иранмен «Ортақ қадамды» сақтау мақсатындағы келісетін механизмдерінің Еуропа Одағына мүше елдерге ғана қатысты болатындығы белгілі. Ресей мен Қытай Американың санкциялары алдында компанияларын қорғау үшін жеке шешім жолдарын қарастыратын болады