Стамбұл отырысы – Батыстың Башар Асадты биліктен кетіру ұстанымынан кері шегінуі
(last modified Sun, 28 Oct 2018 12:07:35 GMT )
Қаз 28, 2018 18:07 Asia/Almaty

Түркия, Германия, Ресей мен Франция басшылары Стамбұлда Сирияға қатысты төртжақты отырыс аяқталғаннан кейін ортақ баспасөз конференциясын өткізді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Түркия, Германия мен Франция басшыларының сөздеріндегі маңызды жайт осы үш ел басшыларының Сирия Президенті Башар Асадты биліктен кетіру шартынан кері шегінуі болды.  

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған лаңкестердің 7 жыл бойы Сирия жүйесін құлатуға қауқары жетпегенін айтып: "Башар Асадтың келешегін елінің халқы анықтайды",-деп мәлімдеді.

Германия канцлері Ангела Меркель де осы баспасөз конференциясында Сирия халқына өз тағдырын анықтауға мүмкіндік берілуі керектігін баса айтты.

Франция Президенті Эммануэль Макрон да осы баспасөз конференциясында: "Сирияның болашақ саяси құрылымы жайлы шешім қабылдайтын біз емес. Сирия халқының өзі бұл істі атқаруы тиіс",-деді.

Макрон Сирияның тәуелсіз үкіметке ие екендігін айтып, оған құрметпен қарауға шақырды.

Владимир Путин де Сирия халқының ғана өз тағдыры жайлы шешім қабылдауға құқылы екенін қуаттады.