Аймақтық қауіпсіздікті нығайту – Қазақстан мен Өзбекстанның Қауіпсіздік кеңестері отырысының басты тақырыбы
Қазақстан мен Өзбекстан Қауіпсіздік кеңестерінің басшылары кездесулерінің жаңа кезеңінде Орта Азияның қазіргі жағдайы және аймақтық ынтымақтастықты дамытудың перспективасы мен олардың халықаралық ұйымдардағы ықпалдастығы тақырыптарын талқылады.
Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің мәлімдемесіне сәйкес, Қазақстан Президентінің көмекшісі әрі Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғабит Байжанов пен Өзбекстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Виктор Махмудовтың кездесуінде екі елдің терроризм және экстремизммен күрес, ақпараттық және кибернетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қылмыскерлерді өз елдерінде жазасын өтеуі үшін экстрадициялау туралы пікір алмасты.
Кеңесте екі жақ су мәселесіне қатысты ынтымақтастық саласында дайындалған "Жол картасы" баптарының орындалуының алғашқы нәтижелерін талқылады.
Қазақстан мен Өзбекстанның Қауіпсіздік кеңестері арасында консультациялар ұдайы өткізіліп, екіжақты және аймақтық қауіпсіздік саласындағы маңызды мәселелер талқыланады.