Қаз 29, 2018 17:19 Asia/Almaty
  • Ішінде 188 жолаушы болған индонезиялық ұшақ құлады

Ішінде 188 жолаушысы болған Индонезияның Boeing 737 жолаушы тасымалдаушы ұшағы елдің шығыс жағалауында құлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Индонезияның Тасымал министрлігі ұшақтың дүйсенбі күні таңертең Джакарта әуежайынан ұшқан соң 10 минуттан кейін құлағанын хабарлады.

Индонезияның Көмек көрсету және құтқару тобының басшысы да оқиға кезінде барлық жолаушылар мен экипаж мүшелерінің барлығы қаза табуы ықтимал деген болжамын мәлімдеді.

Ұшақ Джакартадан Индонезияның Бангка аралындағы Пангкалпинанг қаласына жол тартқан болатын.

 

 

Тегтер