Әлемде жылына 600 мың бала ауаның ластығынан қайтыс болады
(last modified Tue, 30 Oct 2018 14:57:05 GMT )
Қаз 30, 2018 20:57 Asia/Almaty
  • Әлемде жылына 600 мың бала ауаның ластығынан қайтыс болады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жылына 15 жасқа дейінгі 600 000 баланың ауаның ластығынан қайтыс болатынын айтты.

France Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде ауаның ластығы миллиондаған баланы уландырып, өмірлеріне қауіп төндіретінін хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикалық мәліметі бойынша, әлемдегі 15 жасқа дейінгі балалардың 93 пайызы, яғни жалпы 1 млрд 800 млн адам, соның 630 млн 5 жасқа дейінгі балалар ашық және жабық кеңістіктерде лас ауамен тыныстайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуі бойынша, әлем халқының 90 пайызының лас ауамен демалуы салдарынан жыл сайын шамамен 7 млн адам мезгілсіз ажал құшады.